Материалы за Январь 2024 года » Бірлік орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бірлік орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-66
Есепші бөлімі:
+7(72839) 3-42-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Январь 2024 года
Ұлттық мектеп лигасы
17
январь
2024
Ұлттық мектеп лигасы
Футзалдан 9-11 сынып ұлдары арасында "Ұлттық мектеп лигасының" аудандық кезеңінде мектебіміздің командасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Шешуші сәтте қарсылас тарапынан гол соққан 10-сынып оқушысы Тлеулес Елнұр "Үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды.
"Жас ұлан"
17
январь
2024
"Жас ұлан"
Желтоқсан айында 5 сынып оқушылары "Жас ұлан" ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Оқушылар Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелері АНТ қабылдап, АНТ-та Туған елі мен жері, Отанынын мақтаныш етуге, ата-анасын қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты аялауға ант етті.
"Мәңгілік жаса-қыран елім Қазақстан"
17
январь
2024
"Мәңгілік жаса-қыран елім Қазақстан"
25-қазан Республика күніне орай "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" ұлттық , адами құндылықтарға негізделген: Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға ат салысатын, ұлттық мұраға ұқыпты қарайтын ұлттық мәдениетті дәріптейтін ұрпақ тәрбиелеу мақсатында 1-11 сынып оқушыларымен "Мәңгілік жаса-қыран елім Қазақстан" тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.
Ашық есік күні
09
январь
2024
Ашық есік күні
Ертең, 10 қаңтар күні ата-аналарға мектебімізде Ашық есік күні жарияланады. Ата-аналар жеке сұрақтары бойынша мектеп директорының жеке қабылдауына кіре алады.