"Мағжан Жұмабаевтың 130- жылдығына арналады"
Бурыл орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Мағжан Жұмабаевтың 130- жылдығына арналады" атты мектепішілік буктрейлер құру байқауына 5 оқушы қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты: жазушының шығармаларын насихаттау, оқушылар өздерінің жасап келген бейнероликтерін ұсынды. Әділқазылар мүшелерінің шешімімен оқушылар арасынан "Ең үздік контент" номинациясы бойынша 8 "б" сынып оқушысы Аден Арленді және "Үздік еңбектер жинағы" номинациясы бойынша 7 "ә" сынып оқушысы Теңлік Ардақ таңдалды.