11
декабрь
2024
"Жыл үздігі" айдары
2024 жыл соңына жетуде. Мектепте іске қосылған "Жыл үздігі" айдары аясында ағымдағы жылдың ең үздік сынып жетекшісі ретінде 6-сыныпқа жетекшілік етуші - Есембекова Ақмаржан Аниппулаевна мойындалды.
Ақмаржан Аниппулаевна жоғары білімді маман, 8 жылдық еңбек өтілі бар педагог-модератор.
"Жоңғар-Алатауы" ҰМТП бірлескен "Жасыл мектеп" мектеп орманшылығы жобасының жетекшісі, биология пәні мұғалімі.
Жыл ішінде сынып оқушыларымен түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізіп, білім алушылар бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, ұлттық тәрбиені дәріптеуде.
Ақмаржан Анипуллаевна сынып ата-аналарының көзайымына айналып, оқушылармен табысты қарым-қатынас қалыптастыра білген, табысты шәкірт тәрбиелей алған білікті маман ретінде "Жыл үздігі" айдарының бүгінгі шығарылымының кейіпкеріне айналды.
Ақмаржан Анипуллаевнаға өскелең ұрпақты тәрбиелеуде толағай табыстар тілейміз!
https://www.instagram.com/p/DDciazdiFdr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==