ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС » Бірлік орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бірлік орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-66
Есепші бөлімі:
+7(72839) 3-42-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
апрель
2019

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС

Алматы облысы Сарқан ауданы Бірлік ауылы «Сарқан аудандық білім бөлімінің Бірлік орта мектебі «Мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналыдық мемлекеттік мекемесінің 2016-2017 оқу жылындағы «Қамқоршылық кеңесінің» ұйымдастырушылық жұмыстары.
Бірлік ауылы Сарқан қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Бүгінде 107 шаңырақ түтінін түтетіп отырған ауылда 455 тұрғын бар. Осы аядай ауылдың тарихы 1940-1941 жылдан бастау алған. 1964 жылдан алғашқы түлектерден бастап есаптегенде 927 түлек мектеп бітіріп шығыпты. Мектебіміз 1971жылы пәтер ретінде салынған екі қабатты , аумағы 681кв.м ғимаратқа бейімделіп берілген. 1971-2015 жылға дейін 9-жылдық негізгі мектеп болып келді. Тоғыз жылдық мектепті бітірген түлектер өз армандарын жүзеге асыра алмай қаладағы 5 мектепке бөлініп оқуын жалғастырса, қалғандары Сарқан қаласындағы гумманитарлық коледжге немесе кәсіптік лицейлерге барып білімін жалғастыратын . Негізінен мектептің ірге тасы орыс тілідегі мектеп болып қаланды, себебі тұрындардың басым бөлігі орыс ұлтынан болғандықтан «Пролетарская школа» болып 1977 жылға дейін аталды. 1977ж «Бірлік негізі мектебі» ал 2015 ж 01қыркүйек айынан мектеп жалпы орта мектеп болып бекітілді. . 1964 жылдан алғашқы түлектерден бастап есаптегенде 927 түлек мектеп бітіріп шығыпты. Басым бөлігі басқа жаққа қоныс аударған орыс ұлтының балалары. Осы түлектердің басын қалай қосамыз, туған ауыл, туған мектепке деген қолқабыстарын тигізсе нұр үстіне нұр болар еді деген мақсатпен «Мектеп-бітірген түлектерін іздейді» тақырыбымен акция ұйымдастырды. Әрине оңай болған жоқ. Мұғалімдерді жұптастыра отырып бағыт бағдар бердік, мақсат міндетімізді айтып, желілер арқылы, ауылды, қаланы жүріп өту арқылы 4- ай іздеу жұмыстарын жүргіздік. Әрине сол жылдардағы түлектер біршама жасқа келген, бір отбасының бір ғана асыраушысы, бірінің жағдайы төмен дегендей, мен осылай көмектесемін дегендері тым аз болды. Міне осындай ұйымдастушылық жұмыстарға септігін тигізген «Қамқоршылық кеңесінің» үлесі басым болды. Ол кеңес төмендегі құраммен бекітілді.
1.Каменов Ермек – ауыл кәсіпкері, кеңес төрағасы
2.Баяндинов Берік–ФАП-тағы фельдшер, кеңес мүшесі
3.Смайлов Қуатбек - мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы, кеңес мүшесі
4.Разбекова Куляш - кеңес мүшесі
5.Барлықбаева Шарбетқан -кеңес мүшесі
6.Мұхаметжанов амантай - кеңес мүшесі,
7. Қалиева Гүлсім – ата –ана комитетінің мүшесі, кеңес мүшесі
8.Өнерхан Назигул- кеңес мүшесі,
9.Джантелова Самал - кеңес мүшесі,
Хатшы тәрбие ісінің меңгерушісі, орыс тілі пәнінің маманы Канабекова Гулмира Аманқызы.

Осы мектепті басқарып отырған соң, барлық ұйымдастыру жұмысының жоспарына қатыстым, Бағыт-бағдар бердім.Бірлесе алдағы жұмысымызға жоспар құрдық. Мектеп ауласы 1971 жылдан жөндеу көрмеген, ойдым-ойдым, жауын жауса көлшікке айналады, балалар құлап аяқтарын жарақаттаған кездері болды. Міне бірлесе мектеп ауласын тегістеп құюды қолға алдық.Жалпы құйылатын ауланың ауданы 650 кв.м. 1985ж түлегіміз Орымбаев Қурумбай осы жұмысқа 600 мың теңгені өз қаражатынан бөлді. Мектеп ұжымы өз келімідері бойынша қайырымдылық қорына 1000 тенге мен бір қап цемент берді. Жалпы 62 мың цементке жиналды. Осы жиналған цементтің бір тоннасын мектеп директоры Шара Дутбаева қосты.бір камазы 19000 мыңнан бес камаз қиыршық тас төгілді. Осы ауланы құюға ауылдан ата-аналар, түлектер, ауыл жамағаттары жалпы 42 адам кезекпен көмектесіп екі аптада бітірдік. Көмекке келген ауылдастарға ұжым мүшелері кезекпен түскі ас дайындадық. Жалпы жиналған, кеткен қаражат 780000 мың тенге болды.Бүгінде оқушылардың алаңсыз ойнауына, үзілісті тиімді пайдалануға арналған ойын алаңын, көңілді алаңды оқушылар өз қолдарымен жасап алды. Жұмыстың аяқталған нәтижесінде мектеп директоры Дутбаева Шара Телибайқызы барша ата-аналар, көмек қолын созған ауылдастар, «Қамқоршылық кеңес» алдына өз есебін берді.

Похожие публикации:

25 апрель 2017 мектеп ұжымы
25 апрель 2017 мектеп ұжымы
24 апрель 2017 мат-тех база
24 апрель 2017 о школе
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив