"Білім беру мекемесінде ақша жинауға тыйым салу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы"
Мектеп директоры Бораншина Айнұр Батырбековнаның 2023 жылғы 14 қарашадағы №258 "Білім беру мекемесінде ақша жинауға тыйым салу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы" бұйрығы педагогикалық ұжымға таныстырылды.Бұйрықта ата-аналар мен оқушылардан ақша жинауға тыйым салынатыны көрсетіліп, мереке құрметіне директор мен әкімшілікке сыйлық жасалған жағдайда заңнамаға сәйкес шара қолданылатыны ескертілген.