Семинар, тренинг, дөңгелек үстел » Бірлік орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бірлік орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-66
Есепші бөлімі:
+7(72839) 3-42-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Семинар, тренинг, дөңгелек үстел
«Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры»
14
февраль
2025
«Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры»
16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету. https://www.instagram.com/reel/DDjYWX8MXj9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Авторлық бағдарлама жазу талаптары”
12
февраль
2025
“Авторлық бағдарлама жазу талаптары”
2025жылдың 22 қаңтарында “Авторлық бағдарлама жазу талаптары” тақырыбында семинар өтті. Семинарда тарих пәнінің мұғалімі Р.Турганбаева авторлық бағдарламаның құрылымына жеке-жеке тоқталып,өзінің шығармашылық,авторлық жұмыстарын көрсетіп,тәжірибе бөлісті.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Нурахметова сараптамалық кеңес жұмысымен таныстырып өтті. https://www.instagram.com/p/DF918cls0wE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Тимбилдинг-ұйымшыл және тату ұйым”
07
февраль
2025
“Тимбилдинг-ұйымшыл және тату ұйым”
“Тимбилдинг-ұйымшыл және тату ұйым” тренинг-жаттығу өтті. Мақсаты: педагогтар ортасында берік серіктестік қарым-қатынас және өзара қолдау көрсету принциптерін құру. Өткізген: мектеп психологы Г.Кабдешова және дене шынықтыру пәні мұғалімдері Б. Толеулин, Қ. Амангелді. https://www.instagram.com/reel/DFxcoo-sIdW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Жасөспірімдердің интернет пайдалануы: проблемалар, салдары және мүмкіндіктері”
07
февраль
2025
“Жасөспірімдердің интернет пайдалануы: проблемалар, салдары және
Ата-аналарды қолдау орталының ақпан айының жұмыс жоспарына сәйкес “Жасөспірімдердің интернет пайдалануы: проблемалар, салдары және мүмкіндіктері” тақырыбында ата-аналармен семинар- тренинг өткізілді. Өткізген: педагог-ұйымдастырушы А.Есембекова және педагог-психолог Г.Қабдешова https://www.instagram.com/reel/DFxcD_TM_GF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Өзіңізді және балаңызды болашақ емтихандарға, ҰБТ-ға қалай дайындауға болады”
27
январь
2025
“Өзіңізді және балаңызды болашақ емтихандарға, ҰБТ-ға қалай
27.01.2025ж Бірлік орта мектебінде психолог Г.Кабдешова және 11-сынып жетекшісі Р.Турганбаева “Өзіңізді және балаңызды болашақ емтихандарға, ҰБТ-ға қалай дайындауға болады” тақырыбында тренинг-жаттығу өткізілді. Мақсаты: ҰБТ-ге дайындауда ата-ананың рөлін айқындау, көмектесу, дайындықта қолдау көрсету және ата-ана белсенділігін арттыру. Тренинг барысында барлығы 10 ата-ана қатысты. https://www.instagram.com/reel/DFVLDRFMZqm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Ұшқыр ой алаңы жобасы” бойынша “Заң тәртіптен жоғары ма?”
15
январь
2025
“Ұшқыр ой алаңы жобасы” бойынша “Заң тәртіптен жоғары ма?”
“Ұшқыр ой алаңы жобасы” бойынша “Заң тәртіптен жоғары ма?” тақырыбында пікірсайыс өтті. Пікірталас өте «қызу» өтті. Пікірсайыс барысында оқушылар өз позицияларын дәлелдеп, өз пікірлерін жеткізе алды. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы
10
январь
2025
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде құқықтық апталықтың жоспарына сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Канабекова Г. А. үлкен сынып оқушыларымен жиналыс өткізді. Мақсаты: құқықтық сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Жиынға мектеп инспекторы Кәрим А. қатысып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. https://www.instagram.com/reel/DEphkdfCXgc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қыстық каникулды ұйымдастыру
24
декабрь
2024
Қыстық каникулды ұйымдастыру
Қыстық каникулды ұйымдастыру бойынша жоспарына сәйкес АӘДжТ пәнінің мұғалімі А. Чункенов мектеп оқушыларына жиын өткізді.Жиын барысында қыстық каникул кезіндегі сақтық ережелерге токталып, арнайы бейнероликтер көрсетті. https://www.instagram.com/reel/DD9SoGgMbqA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Оқушының жазу сауаттылығын қалыптастыру жолдары "
19
декабрь
2024
“Оқушының жазу сауаттылығын қалыптастыру жолдары "
“Оқушының жазу сауаттылығын қалыптастыру жолдары "тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері Смайлханова Мақпал мен Мукан Гулжанат өз тәжірибелерімен бөлісті .Семинар барысында оқушының жазу сауаттылығын арттыру мақсатында қолданылатын әр түрлі тапсырмалар көрсетілді. https://www.instagram.com/reel/DDxKG0tMFmB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында PISA тапсырмаларын құрастыру"
19
декабрь
2024
"Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында PISA
"Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында PISA тапсырмаларын құрастыру"тақырыбында география пәнінің мұғалімі А.Матаева семинар өткізіп,өзінің тәжірибесімен бөлісті.Семинар барысында "Қолдану","Ойлау" танымдық бағыттары бойынша тапсырма құрастыру жолдары туралы айтылды. https://www.instagram.com/reel/DDvyK7qIw9K/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==