Озат тәжірибе тарату » Бірлік орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бірлік орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-66
Есепші бөлімі:
+7(72839) 3-42-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары”
12
февраль
2025
“Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары”
2025 жылдың 06 қаңтар күні “Каникулдық мектеп” жобасы аясында облыстық білім беру мекемесінің мектеп директорларының оқу,әдістеме жөніндегі орынбасарларына арналған “Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары” тақырыбындағы облыстық вебинарда Г.Нурахметова өз тәжірибесімен бөлісті. https://www.instagram.com/p/DF92YXAs-1v/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“PISA, TIMSS тапсырмаларының құрылымын талдау және олармен жұмыс жүргізу жолдары”
12
февраль
2025
“PISA, TIMSS тапсырмаларының құрылымын талдау және олармен жұмыс
Әдістемелік жұмыс жоспарына сай оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру барысында “PISA, TIMSS тапсырмаларының құрылымын талдау және олармен жұмыс жүргізу жолдары” тақырыбында жаратылыстану-математика пән мұғалімдері өзара тәжірибе бөлісті. https://www.instagram.com/p/DF9n43hMsZ5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тергеубаев Манарбекпен кездесу
18
декабрь
2024
Тергеубаев Манарбекпен кездесу
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады. Аталған мақсаттарды іске асыру барысында үлкен сыныптар оқушыларымен Ақмола облысы Щучинск қаласыңда әскери оқу орнында оқып жатқан мектептің түлегі Тергеубаев
Тәжірибе бөлісу семинары
27
январь
2023
Тәжірибе бөлісу семинары
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында бастауыш сынып оқытушылары пән мұғалімдері үшін тәжірибе бөлісу семинарын ұйымдастырды. М.Төлеулина Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу, жоба жазу жұмыстарын практикалық тұрғыда ұйымдастыру ерекшеліктері" , А.Иманберлинова "Математика сабағында стандартты емес есептерді шешу" , М.Смаилханова "Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру" тақырыбында тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынып,тәжірибе бөлісті.
Тәжірибе алмасу
20
январь
2023
Тәжірибе алмасу
Озат тәжірибе тарату. Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында мектепішілік жұмыс жоспарына сәйкес география пәнінің мұғалімі А.Н. Матаева "Цифрлық білім беру ортасындағы заманауи оқыту құралдары, тарих пәнінің мұғалімі Р.Ж Тұрғанбаева "Сабақты зерттеу-мұғалімнің уәжін арттыру құралы" тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.
"Тәрбие сағатын өткізудің тиімді тәсілдері" тақырыбында семинар-тренинг
29
ноябрь
2022
"Тәрбие сағатын өткізудің тиімді тәсілдері" тақырыбында
Сынып жетекшілерге көмек ретінде 28 қараша күні "Тәрбие сағатын өткізудің тиімді тәсілдері" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
мұғалімдермен тренинг
12
октябрь
2022
мұғалімдермен тренинг
5-сынып оқушыларының негізгі буынға бейімделуін жеңілдету, психологиялық сүйемелдеу көрсету мақсатында мектеп психологы Г.Кабдешова пән мұғалімдерімен тренинг өткізді.
Біліктілікті арттыру курсы
27
сентябрь
2022
Біліктілікті арттыру курсы
Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2022жылдың 27 қыркүйегінде біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер жаңалықтармен бөлісті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Түменбаева «Эссе жазу әдістемесі», информатика пәнінің мұғалімі Д.Дуанов «10-11-сыныптар курсының күрделі тақырыптарын менгертуде пән мұғалімдерінің пәндік құзіреттері» және физика пәнінің мұғалімі A.Арманбек«Робототехника,интернет заттары негіздері(IoT), 3D модельдеу» тақырыптарында ой бөліссе, бастауыш сынып